Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
14.10.2021
247
Жұмбақ жарыс ойыны
Балалар екі топқпқа бөлінеді де, екі метрдей қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бірінші топтың бір баласы бір жұмбақ айтады. Мысалы:
Сексен сегіз тілі бар,
Сан құбылған үні бар?
Ол не?
Жұмбақты келесі топтың бір баласы шешуге тиіс. «Фортепиано», – деп, дұрыс тапса, оған 5 ұпай жазылады. Шеше алмаса, 3 ұпай жоғалтады. Жұмбақты енді келесі топтың баласы айтады. Ойын осылайша кезегіен жалғаса береді. Ойын соңында көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Ойын балалардың ой-өрісін кеңейтіп, тапқырлығын арттыруға бағытталған.
Абдрахман Асылбек шығармашылығы ойын балабақша ойындары балаларға арналған спорт ойындар жұмбақ жарыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter