file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  13.10.2021
  237


Автор: Омарғазы Айтанұлы

Дұға

Ит терісіне жазылған жазу,
Ескі жұртта қалған көмбе.
Адамзат ақылы қандай аянышты!
Бір аунап уанбаған қайсы пенде.
Құмарпаздар әуесі қаныңдағы,
Иманың қырық кез төбеңде тұрар.
Бір жыл өсіріп көрші шаш-сақалыңды,
Екі иығыңда екі періште отырар.
Ентігіп есіріктенбе кәрі жасамыс,
Үндемей отыра қал одан да сол күні,
Бар екені рас болса, егер бір жаратушы
Жеңісім деп білер, бәлкім, ол мұны.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу