file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.10.2021
  275


Автор: Омарғазы Айтанұлы

Азырақ жаз

Сақылдағаны ма, несі екен –
Ақсиғаны тісі?
Аспанның ба, ақынның ба,
Құдайдың ба, кімнің күлкісі?
Күлкі де емес, бірақ та –
Қара бұлттың қарғысы.
Оңай дейсің бе келе қалса, егер де
Өз құрсағын өзі жарғысы?
Сақырлайды,
Шатынайды жай оты –
Жартастар — құз басы.
Азырақ жаз, ақыным,
Азырақ ақсын
Табиғаттың көз жасы.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу