Өлеңдер ✍️

  11.10.2021
  21873


Әкеге сағыныш

Менің тұңғиығы таусылмайтын мәңгілік сағынышым....
4 июль мен үшін Асқар тауым шағылып, жүрегімнің бұлшық етінің шымырлап, төбемнен аспан айналып жерге түскен күн. Асыл адамым бұл өмірде бізді тастап келмеске кеткен күн. Мәңгі сағындырған күн. Аспаннан күлген күн түнеріп, қара бұлт жапқан күн. Алқымымды қысып, жүрегім жарыла жаздаған күн. Көзімнен қуаныштың емес, қайғыдан қан төгілген күн. Акеге деген сағынышым артып, боздап, жоқтаған күн. Еңіреп еңсем түсіп өкінген күн. Анашымның аңырап сыңарын жоқтаған күн. Менің қорғанымды іздеп қамалған күн. Айналайын деген сөзге ендігі өмірде зар болып өтетінімді білген күн. Төрт құбыламның бірі шағылған күн. Айта берсе жердегі тіршілік жоғалып кеткен күн. Аласұрып дәрі таппай қиналған күн. Тапқан дәрімнің дәрменсіз екенін білген күн. Аллахтың ұлық екенін білген күн. Қаншама армандар мен мақсаттарға балта шабылған күн. Өкінішім өзегімді өртеп, сағыныш әлеміне мәңгілік бойлаған күн. Бұл күн мен үшін мәңгілікке ӘКЕмді жоғалтып алған күн. Әке деген асыл ұғымды, асыл қазынаны жоғалтып алған күн.°°°°°


 


°°°°°°°°°°°°° Әкеге сағыныш°°°°°°°°°°°°


 


Сағыныштан көзден ағар тамшы нұр,
Келте қысқа жеткізбитін қамшы өмір.
О,дүние мен бұл дүниенің арасын,
Байланыстырар пенде деген жаршымын.

Ешкімнің жоқ білем бірақ таласы,
Тағдырымның болып тұрад аласы.
Жүрегіме жара болып қадалған,
Асқар таудай ӘКЕШІМНІҢ қазасы.

Әке-Ана баласының данасы,
Асыл көздің ағы менен қарасы.
Бәрін көрер қарасынан айрылып,
Анашымның болмай жүр-ау шарасы.

Жүк түсіріп ойда жоқта төбемнен,
Ойландырып қойды мені тереңнен.
Тағдыр мені осылайша сынамақ,
Алланың дегеніне көнеммен.

Сағынамын кей-кездерде бірақ мен,
Сіз бар жерде биіктерден құлап пем?
Сіз бар жерде еңсем түсіп жылап пем?
Құламадым,жыламадым еш қашан,
Маңдайдағы жарқыраған шырақты ең!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу