Өлеңдер ✍️
Әкені еске алу
Тең келмейтін алтын да еш қолдағы,
Өзің едің,әке,үйдің зор бағы.
Жарық берер айымыздай көктегі,
Болушы едің жанымыздың қорғаны.
Біздер үшін асқар едің,шың,асқақ,
Сенсіз қалды жанымыз да тым ақсап.
Жанарларды жәудіретіп мәңгілік,
Кеттің,әке,жанымыздан жырақтап.
Жадымыздан өшпес мәңгі,әкешім,
Анаға жар,ал біздерге әкесің.
Немерең де,шөбере мен шөпшегің,
Бәрі сені сағынуда,әке шын.
Шырақ едің,сәуле едің,ай едің,
Жаның толы,мейірімге бай едің.
Ілім,білім,тәрбиеге қаныққан,
Үлгі алар ер атына сай едің.
Жанға бермес,біртуарым,еренім,
Жар едің ғой,әке едің,ер едің.
Жан әкем-ау,жанға батып жоқтығың,
Сабылумен сағынуда ел ерін.
Жан әкешім,қызметте бапты ерім,
Елге сыйлы,абыройлы,даңқты едің.
Кеткеніңде келмейтін боп енді еш,
Сені жоқтап,күңіреніп жатты елің.
Сен кеткенде жанарлар да жылап тым,
Жігеріміз кетті сынып,сұлап мың.
Жан әкешім,жаның болғай әрқашан,
Ең ерекше,ақ төрінен жұмақтың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter