Өлеңдер ✍️

  08.10.2021
  258


Автор: Гүлжауһар Сейітжан

РАХМЕТ ӨТЕСІНОВ

Жақсылық ұя салған жүрегіне,


Күн нұры шуақ құйған тілегіне,


Ағажан, бүкіл елді тәнті қылған


Таң қалам қайратың мен жігеріңе.


Өмірдің өттің қатал сынағынан,


Жалтарған жоқсың тағдыр сұрағынан.


Жарқылдап сөйлеп тұрдың сол кезде де


Қылыштай суырылған қынабынан.


Қайырылып, майырылмаған, жайсаң мықтым!


Асылын ала білдің ой-сандықтың.


Тұрсың сен алдымызда өнеге боп


Туындай намыс пенен қайсарлықтың.


Сөзіңді ешқашан да ірікпедің.


Сол үшін құрметтеді сүйікті елің.


Қу тағдыр,


Қанша басса иығыңнан


Сонша сен көтеріліп биіктедің!


Жақтырмай жеке тірлік, жеке күнді,


Тіпті сен жат көрмедің бөтеніңді.


Раха, бүкіл тағдыр-талайыңмен


Білдірдің нағыз қазақ екеніңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу