Өлеңдер ✍️

  30.09.2021
  143


Автор: Тұрсынхан Әбдірахманова

Келген ойды

Осы жұрт мені бір күн министр қойып, бір рет министр Тахташ десе, несі кетеді екен!
Хади Тахташ

Келген ойды
Қайтемін матап, тұсап.
Ақтарайын
Әз ақын Тахташқа ұқсап.
Кейбіреудей
Маған да тиіп жаңсақ,
Бұйырса ғой
Әнеу бір биік мансап.
Президиумда отыру бар міндетім
Болса, Пай-пай
Жұрт жүрсе тамақ тамсап...
Қарқарадай
Қоқитқан шашым болса,
«Ақыл бұлақ боп аққан» басым болса,
Соңғы мода Кигенім асыл болса,
Қаңтарылып тұратын қайда барсам,
Былқылдаған ақ «Волга» атым болса.
Экраннан, эфирден, түрлі жиылыс...
Мейлі айтпасын
Жұмысты опырды деп.
Лауазымым аталып,
Сол жиылыста
Айтса болды
Қатысып отырды деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу