Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
156
Жарасқанға жараспаған
Өлеңнен өзге жайлы жақ ашпаған,
Биікке ұмтылмаған, таласпаған
Кісідей әркімге айдар үлестіру
Ақынға Жарасқандай жараспаған.
Ерекше биіктерге жанаспаған,
Теруден ұсақ-түйек әрі аспаған.
«Бес ешкі айдағаны ысқырығы Жер жару»
Жарасқанға жараспаған.
Өзінен өзгені оқып әлі ашпаған,
Халықтың пікірімен санаспаған,
Түсініп сөз мәніне бойлай алмай,
Ой түю Жарасқанға жараспаған.
Бар шығар асуларың әлі аспаған...
Өспейді ауылынан әрі аспаған,
«Мүйізсіз мал сүзеген келетінін»
Айтқызу Жарасқанға жараспаған.
Сөз шығар ұшқарыңан қайдан бұлар
Дегендей адасқан сөз жәй қаңғырар.
Көрпені бойға шақтап көсілген жөн,
Айдарды үлестірер айдарлылар.
1983 жыл.
жарасу жараспау Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter