Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
327
Мәдениетке
Елуге келдің ентелеп,
Ел жұртыңа еркелеп.
Бәйбіше Медет боп балпима
Ол әзір саған ертерек.
Шағында мынау нарықтың
Талабы мол халықтың.
Ұстаз боп өсер жастарға
Азаматтық әлі танытқын.
Кезі кеп жатса орайлас
Ақылдан алтын сарай аш.
Біздердей кемпір-кепшекке
Қайратыңнан қарайлас.
Қос құлының ер жетіп
Тілегіңнен табылды.
Жегжат, құдалар молайып
Өсіре түссін бағынды.
Өркендей бер, өсе бер
Көсегең бауырым көгерсін,
Айдос, Айнұрды іздеп кеп шаңырағыңа
Қонақтар болсын көгершін.
Бақытқа ұяң бөленсін,
Қазыбегіңмен қоса ағар.
Дендерің сау боп әмісе
Көркейе берсін босағаң.
07.06.2002 жыл.
мәдениет Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter