Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
140
Гүлсәнге
Әзағаң, Әзілхан сұрап, Асқарбек Қоңырұлы деген сазгердің «Гүлсән» атты әніне жазылған өлең.
Ұмыта алман өзіңді,
Аққұба тал кезіңді,
Тұла бойды, ақыл-ойды,
Баурап алған кезіңді.
Жылдар өтті арада
Жан тағатын таба ма!
Жаудыр көзім, жалғыз өзің
Мәңгі қалдың санада.
Құлағымда әз үнің,
Бал қылығың әзілін,
Сағыныштың сарқылмаған
Саған деген сазы мың.
Ардағым-ау, ардағым,
Өзің ғана арманым.
Алау жанға дару іздеп,
Осынау әнді арнадым.
25.11.2001 жыл.
Гүлсән Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter