Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
191
Бояу жетеді, қасты боя, шаш боя
Бояу жетеді, қасты боя, шаш боя.
Өз еркінде Оған қандай түс қоя
Алам десең табылады түрлері,
Тұла бойды алмасаң да бос қоя.
Осыменен жүргендер бар күні өтіп,
Табиғатын боямаға құл етіп.
Бойда қалмай өз қалпында бір нүкте
Өзін-өзі искусственный етіп.
Бәрі ғажап, бәрі импорт — шетелдік!
Шетелдікпен шаруаны «көтердік»...
Қымқырғанын айналдырып Виллаға
Кетті тіпті шетелдерді мекен ғып.
Жымқырғанын жарқыратып қоя алмай,
Өз елінің азаматы бола алмай,
Тышқан ұстап ұрлап жейтін мысықтай
Шалжаң қағып шетелде жүр ой Алла-ай!
бояу қас шаш Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter