Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.09.2021
7033

Кішкентай балама 3 жас туған күні
Өмірімнің жалғасы жаным ұлым,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Алла қолдап үш жасты бағындырдың,
Қуанышта тербеліп, шаттықта үнің.
Былдырлайсың, қарайсың бізге үндеп,
Шаттық әуен төгіліп жанарыңнан.
Арыстаным өзіңсің ұлым менің,
Батылдылық байқалар қадамыңнан.
Саулығыңды тілеймін, жүрші аман,
Балапаным, құлыным артып бағаң.
Жастан жасқа жете бер қуанышта,
Тәнті болып өзіңе барлық адам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇