Жас бітіруші түлектерге тілек
Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер. Бүгінгі күні сіздер үлкен өмірдің жаңа мақсаттарына ұмтылып, қадам басып отырсыздар. Бұл маңызды сәтке сіздер алтын ұя мектептің табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап-ақ ұмтылып келдіңіздер. Осы мақсаттарға жету жолында қолдарыңыз ең алғашқы , кішігірім энциклопедия, әліппені ұстатқан ұстаздарыңыздың алған тәлімдеріңізден бастап, шығармашылық ізденісте болдыңыздар . А.Құнанбайұлының "Адамның адамшылдығы ұстаздан болады " демекші , міне, қазір тарыдай жас баладан, таудай жас түлекке айналдыңыздар.
Мектеп, ұстаз, қоңырау үні, он бір жыл бойы бірге, қоян қолтық ойнап күлген сыныптастарыңызбен қоштасу әрбір жас бітіруші түлектер үшін ең әсерлі де, жақсы естеліктермен орын алатын маңызды сәт.
Ұстаздан шәкірт озар дегендей, М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының актері С.Қожамқұловтың " Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін " деген ұлағатты сөзін қолдап, алдағы студенттік өмірде білімнің биік шындарын бағындырып , озып шығатындарыңызға сенемін.
Қазақтың көрнекті жазушысы, драмматург, жазушы Ж.Аймауытов өзінің " Қартқожа " атты романының басты кейіпкері Қартқожа есімді , жуас , момын , кедей бала . Ол жастайынан бай көпестердің жасаған әділетсіздіктерін көріп өседі. Осы қорлықтан құтылудың жолы деп, ол бала кезінен діни білім алып, намаз оқып, құдайға жалбарынады. Алайда оны ешкім елемейді. Осындай езгіге батқан кезінде, Қартқожа орысша терең білімдері бар тілмаш пен перуіатшіктердің ешкімнен қаймықай, өздерін жоғары ұстайтынын байқап, өзі де сол білгір адамдарға татығысы келеді. Уақыт өте келе ол өзінің байқалмайтын қайсар да , жігерлі мінезімен танылып қалаға барып оқиды да, өз дегеніне жетеді. Менің айтпағым Ж.Аймауытов өз романында Қартқожа рөлін бір ауыз сөзбен " Іздесең - табасың, еңбектенсең - жетесің " деп түсіндірген.
Күні ертең болатын шешуші Ұлттық Бірыңғай тестілеуде сіздерге зор сәттілік тілеймін. Әрі көздеген нәтижелеріңізге қол жеткізіп, мақсат - мұрат еткен жоғары оқу орнының алғыр талапкерлері болыңыздар. Сіздерге артқан ата - аналарыңыздың бен ұстаздарыңыздың үміттері ақталуына тілек білдіремін . Сіздерге ақ жол, сәт сапар! Сәттілік сіздерге серік болсын!
Мөлдір Туленбаева Дәуренқызы
Алматы облысы
Қапшағай қаласы, № 3 орта мектеп
11-ші сынып бітіруші түлектерге тілек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter