Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.09.2021
166
Мақпал ән
Қоңыр кеште, қоңыр үйде мақпал ән,
Не сыр қалды саған, сірә, шақпаған!
Жазғыр мені, мейлің тіпті жазала,
Бейшара деп жаны тыным таппаған.
Жанға жалғыз серік сенсің, мақпал ән,
Сеніп сырды саған ғана ақтарам.
Бұл беймаза жүрегімде, түсінші,
Бүгін тағы толасы жоқ , ақ боран.
Мақпал ән ән Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter