Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.09.2021
147
Романс
Нүри Арслановтан
Болсаң да сен жатқа несіп,
Жар болсаң да бөгде жанға,
Мазасыз ой ерегесіп,
Келеді алып осы маңға.
Құспен бірге оянамын,
Таң нұрынан сені көрем.
Сезесің ғой ой алаңын,
Бұл сәт мені кешір, өлең!
Күшті едің, сен не қылған,
Жалындаған от махаббат!
Сен бересің өліге жан.
Өлеңге өріс, ойға қанат!
романс Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter