Өлеңдер ✍️

  14.09.2021
  225


Автор: Еркін Оралбай

КЕШІРЕ БІЛУ-ТӘТТІ КЕК...


Жан қиналтып өтті жеп,
Өш алдым мен сəтті деп.
Мақтанбағын ешқашан,
Көз жасын ол төкті деп.
Ерегестен пайда жоқ,
Түсіне алсаң гəпті көп.

Көңілге алма сөкті деп,
Түнерткендей көкті кеп.
Адамзат ғана түсінер,
Ақылмен айтқан тəкті тек.
Атаңның да құнын кеш,
Кешіре білу - тəтті кек.

Кешіре білу - тəтті кек,
Түсірме көңіл күпті деп.
Бірінші болып татулас,
Ерегес бəрі бітті деп.
Тырнақ асты кір қазсаң,
Бықсыған өсек тіпті көп.

Айтарың болса сан тілек,
Қуаныш сыйла, əн тілеп.
Қиянатсыз өмір сүр,
Мұсылманға тəн сүнет.
Жаманаттан аулақ бол,
Жақсылықпен тəнті ет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу