Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  121


Автор: Медеу Демеу

Сенің даусың естілді мені іздеген

Салмақ тастап салқындау сезімге ерен,
Телефоным тынбайды безілдеген.
Трубканы алып ем ар жағынан,
Сенің даусың естілді мені іздеген.

Сенің даусың естілді сыр ақтарып,
Мен отырмын сен мүлдем ұнап қалып.
Білесің бе, әр сөзің жүрек тербеп,
Мені әкетіп барады жыраққа алып.

Сенің даусың естілді, көңілдендім,
Кетті бір сәт ыдырап көңілден мұң.
Тыңдасам мен тыңдайын тек өзіңді,
Даусын қайтем пір тұтып көрінгеннің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу