Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  150


Автор: Медеу Демеу

Қиын екен...

Қиын екен бір-бірін түсінбеген,
Көп көремін өзіңді түсімде мен.
Бұл күндері мұңды күйкешіп жүрмін,
Пәк сезіммен сүйгенім үшін де мен.

Қиын екен, жарқыным,қиын екен,
Мәңгі отыңа қашанғы күйіп өтем.
Бір жақсылық сен жақтан күтудемін,
Қажет емес өзгенің сыйы бөтен.

Қиын екен өмірдің шырғалаңы,
Айтылмад-ау, сезім де, сыр да, бәрі.
Сен жоқ жерде сарғайған сорлы жүрек,
Сорлы жүрек сені ойлап мұңданады.

Қиын екен жаныңмен сүю деген,
Көтерермін көңілдің күйін немен.
Еліктің лағындай, сүйем сені,
Көрсем деймін баяғы күйіңде мен.

Қиын екен болса егер бір адамың,
Тек соны ойлап сарғаяр бұла жаның.
Сен мені білгің келсе жырымды оқы,
Мен жайында біреуден сұрамағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу