Өлеңдер ✍️

  31.08.2021
  212


Автор: Медеу Демеу

Көңіл

Бұрын біздер бақытты едік,
Нәр алған көктен, күз-күннен.
Есімде қазір...
Өзгеріп кеттік біз мүлдем.
Сол сезімменен көрікті көңіл базары,
Тарқайтынын кім білген.
Көңілімнің көктем қыры сынғалы,
Мені елеп ешкім гүл ұсынбады.
Шын сенген достар кеткен соң тастап,
Доғардым жырды...құрысын бәрі!
Құрысын бәрі...
Қол жеткен сонда ырысым кәні?
Мазалап неге бермейсің тыным,
Аяулы сезім, тірісің бе, әлі?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу