Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
31.08.2021
287
Шырақшы
Бір әулиенің шырақшысы Қожанасырдан сұрапты:
— Маған құлшылық етіп, сиынып, түнеймін деп келген адамның есебі жоқ. Құдайдың күні құры емес, тіпті жұмыс істететін түрі жоқ. Бұдан қайтсем құтыламын?
— Бұдан құтылудың жолы оп-оңай! Егер кедейлер келсе, бар тапқаныңды соларға беріп жібере бер. Егер байлар келсе, «әкелгенің аз» деп екі-үш есе салық сал, сонда құтыласың да қоясың, — депті Қожанасыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter