Әңгімелер ✍️
Қонақ шақырған жігіт
Бір жігіт құрдасының қонақ шақырғанын біліп кешке үйіне барса, құрдасы базарға кетіп, әйелі үй жұмысымен күйбеңдеп жүргенін көреді де, отыр деп айта ма деген оймен:
— Мен қайтайын, әлгінде жігітің жұмысым бар деген еді, ол келмеді, — деген екен, әйелі үндемепті. Әлгі жігіт құрдасына өзін бір танытқысы келіп далаға шығыпты да, ас үйде тұрған қойдың бір санын қойнына тығып алып «егер мені шақыратын болса, қайта әкеліп орнына қоя салайын» деген оймен көшеден құрдасының жолын тосыпты. Аздан соң құрдасы кезігіп:
— Ой, қайдан келесің? — депті.
— Сендердікінен келемін, — деп шынын айтыпты. Құрдасы үндемей үйіне кетіпті. Санды алған жігіт те өз жайына кетіпті.
— Ымырт жабыла қонақтар келе бастапты. Екі жұбай тамақ әзірлемек болып, ас үйдегі санды таба алмай дал болыпты. Сонда құрдасының айтқаны есіне түсіп, қонақ шақырған жігіт санын бір-ақ ұрып отыра кеткен екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter