Әңгімелер ✍️

Қожанасыр мен бақша иесі
Қожанасыр бір бақшаға кіріп, бақшадағы жемістерді жұлып, қабына салып алып жатқанда, бақша иесі үсітінен шығып қалып:
— Әй, сен мұнда неғып жүрсің? — дейді. Қожанасыр саспастан:
— Жаңа бір қатты құйын тұрып, осында ұшырып әкеп тастағаны. Өзімнің де басым әңкі-тәңкі болып тұр, ағайын, тым қатты айқайламашы! — дейді.
— Ал сені мұнда жел ұшырып әкеп тастасын, мына жемістерді кім жұлып тастады? — дейді бақша иесі.
— Мені құйын домалатып жүргенде қарманып қолыма түскеннен ұстап едім. Мүмкін сонда жұлынып кеткен болар, — дейді Қожа.
— О да солай болсын, ал мына қапқа жемісті толтырған да жел ме? — деді бақша иесі.
— Апыр-ай, осыған мен де таңғалып тұр едім, сен де дұрыс аңғардың-ау! Бірақ осында мені көтеріп әкеп тастаған құйынға бір қап жеміс бұйым ба? Сірә, жел көтеріп әкелген маңайдағы бір пақырдың еңбектеп жинаған қауыны мен қабы болар, мен арқалап ала кетермін! — дейді Қожа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇