26.08.2021
  189


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қашаған бауырсақ

Күзгі уақыт екен. Тонтайдың үйіне бір замандасы келіпті. Әдейі шай жасапты. Тонтай үйінің төріне қалыңдау төсеніш төсегендіктен есік жағы құлама екен, дастарханға салған азғана бауырсақ ылдиға домалап, шалдың алдынан қашықтай беріпті.


Әлгі кісі бауырсақтан алған сайын алдына таман әкеліп қойса, бауырсақ жылжып ылдиға сырғи беріпті. Өзінің бауырсаққа қайта-қайта ұмтыла бергенін ыңғайсыз көрген ол:


— Осы үйдің бауырсағы қуғанды көп көрген қашаған ба, жоқ әлде менің қолымның ебі кеткен бе? — депті. Сонда Тонтай жұлып алғандай:


— Сенің икемің кетіпті екен деп, бауырсаққа өре салып қоямыз ба, — депті. Құрдасы үндей алмай қалыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу