Әңгімелер ✍️
Қасқыр үстіңе кіріп барса...
Қожанасыр бір күні шәкірті бала Далабаймен бірге аңға шығыпты. Далабай өзін батыр көрсетпек боп, қасқырды тірідей ұстап алу мақсатымен ініне кіріп кетіпті. Одан хабары жоқ қасқыр аңшыдан қуғын көріп, тоғайдан қашып шықты да, ала өкпе болып, ентіге кеп ініне енеді. Жасырынып отырған Қожанасыр жүгіріп барып, қасқырдың құйрығынан ұстай алады. Қасқыр ішкері қарай ұмтылса, Қожанасыр кейін қарай
тартады. Қасқыр жанталасқан күйі інінен басын шығара алмай, өзін-өзі інінің ернеуіне соғып, топырақты інде жатқан Далабайдың үстіне шаша береді. Бұдан қорыққан Далабай «батыр» ойбай салып жылап жібереді.
— Оу, Қожеке-ау! Немене мені тірідей көміп кетпекпісің? — депті айқайлап.
Қожанасыр:
— Ей, ақымақ-ей, менде ондай ниет жоқ, сорыңды қайнатып мына қасқыр үстіңе кіріп барса, тірідей көмгеннің әкесін сонда көрер едің, «батырым»! — депті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter