Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
24.08.2021
186
Кісі ұйқыда тамақ жегенің білмес екен
Қожанасыр бір күні базардан балық алып келіп, тазалап қуырдақ жасай бер деп әйеліне береді. Өзі біраз демалу үшін жатып ұйықтап қалады. Әйелі балықты тазалап, пісіріп, нәпсісі тартып жеп қояды. Қожаның сақал-мұртын қазанда қалған майдың жұғымен майлап қояды.
Қожанасыр ұйқыдан тұрып әйеліне:
— Балықты алып кел!
Әйелі:
— Ұйықтап жатқанда жеп қойдыңыз, сенбесеңіз, сақал-мұртыңызды сипап көріңіз.
Қожекең сақал-мұртын сипап қараса, қолы майланып қалады. Бұны көріп Қожекең:
— Кісі ұйықтап жатқанда тамақ жегенін білмес екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter