Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
24.08.2021
326
Жиренше (Төртінші әңгімесі)
Бір күні хан Жиреншені шақырып:
— Жердің түбі қайда, соны біліп кел! — депті. Сонан Жирен шекең:
— Бас тақсыр! — деп атына мініп, жердің түбі сен қайдасың деп жердің түбін іздеуге кетіпті дейді. Сонан біраз күн жүріп, ханның қасына қайтып келіпті дейді. Хан айтыпты дейді:
— А, Жиреншем, аман-сау келдің бе, жердің түбі қайда барып тоқтайды екен, білдің бе? — депті. Сонан Жиренше айтыпты:
— Хан тақсыр, жердің түбі алыс емес, жақын екен. Жеті тау асқасын балықты көлге барып тоқтайды екен, — депті. Қазақтың қарттары айтады Жиреншенің жеті тау дегені — жеті қабат жер, су үстінде тұрады екен, Жиренше соны айтыпты дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter