file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  519


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аяз би туралы

Хан тағына отырған Аяз би бұрынғы қой бағып, жалшы болып жүргендегі қырық жамау шекпені мен дода-дода түлкі тымағын хан сарайының босағасына іліп қойған екен. Кемеліне келіп, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, қақырығы қарға түспей тұрған шағында тақта отырған Аяз би, басындағы алтын тәж, астындағы алтын тақ, үстіндегі сәнді сарайға да көңілі толмай:


— Дүниені түгел өзіме бағындырам, — деп аузын аша бергенде, босағадағы шекпені мен тымағына көзі түсіп кетеді.


Сонда ол өзіне-өзі былайша тоқтау береді:


Аяз әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл.
Ханмын деп таспа, баймын деп аспа.


Сөйтіп, Аяз би тәубеге келіп, райынан қайтқан екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу