Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
23.08.2021
278
Алты ана қасқыр, алты бала қасқыр
Алты ана қасқыр, алты бала қасқыр, он екісі жиылып бір тырнаны жепті. Ол тырнадан бір жілік қалған екен. Ол жілікті кішкене дейін десем, алты қанат ақ ордаға тіреу екен. Ол ақ орданы кішкене дейін десем, алты ақ нар, алты қара нарға жүк екен. Ол нарларды нәзік дейін десем, аспанмен сөйлескен бәйтеректің басын шалған екен. Ол бәйтеректі қысқа дейін десем, ертеңмен ұшқан тұрымтай кешке басына жетпей қонған екен. Ол уақытта күн қысқа дейін десем, таңертең қашқан сиыр, кешке бұзаулаған екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter