Аңыздар ✍️

  23.08.2021
  239


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аққу (V нұсқа)

Меруерт Мерхадиннің күйі. Бұл күйді 1962 жылы Меруерт өзі орындап, шығу тарихын да әңгімелеп берген еді.


1930 жылы жаздың бір шуақ күнінде Меруерт Сарытау етегіндегі көлге құс аулауға барыпты. Көлдің ортасындағы шағын аралды айналып төрт аққудың жүзіп жүргенін көреді. Толқыны тербеліп, жартасқа соғып жатқан судың жағасына киімдерін тастап, мылтығын алып, Меруерт әлгі аралға малтып өтеді. Онда аққулардың ұясы бар екен. Ұядағы сегіз жұмыртаның алтауын алып, екеуін қалдырады. Меруерттен бір пәленің келгенін сезген аққулар, судан көтеріліп, ұясының үстінен айналып шығады да, жағада тұрған Меруертке қарай жалынышты үнмен сұңқылдап ұшады. Мұны көрген Меруерт:


— Осы жерден алып кете алар ма екен, соны көрейінші, — деп, әкелген жұмыртқаларын жағаға қойып, өзі бұғып, тасадан қарап отырады. Аққулар жұмыртқаға әлденеше рет жақындап, қанатымен қағып, аяғымен іліп кетпекші болды да, ала алмай төрт-бес дүркін айналып ұшып, мұңды үнмен көлді жаңғыртып кетіп қалады. Меруерт сол аққулардың жұмыртқасын іздеп ұшқанын көріп, олардың жалынышты үнмен сыңқылдағанын естиді...


Үйіне келген соң далада көрген оқиғасын, табиғат көріністерін көз алдына елестетіп, аққулардың сыңқылдаған дыбысын домбыраға салып, Меруерт «Аққу» деп күй шығарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу