Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  118


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Көгөгөк

Ат байладым ақ үйдің кермесіне,
Көзің салма біреудің бермесіне.
Осындайда, ағалар, күл де ойна,
Өткен өмір мен кепіл келмесіне.

Қайырмасы:
Көгөгөк, көкгөк-гө-көк.

Ат келеді бәйгіден қылаңдаған,
Мін табар олақ істі қыла алмаған.
Ақтаңлақтың астынан келген, сәулем,
Айналайын, беліңнен бұраңдаған!

Қайырмасы:
Көгөгөк, көкгөк-гө-көк.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу