Өлеңдер ✍️
Кигачок
Домбыра екі ішекті-ай, жұқа қақпақ-ай,
Тар жерде қиын екен өлең таппақ, кигачок.
Қиын екен өлең таппақ, ах-уәй!
Қайырмасы:
Игигай-гөк,
Көкем сені-ай, абайгөк, кигачок.
Ой, көкем-ай, япырмау-ай,
Жастық дәурен өтеді-ай.
Кіші іні, үлкен аға бас қосқанда-ай,
Қызыл тіл баяуламай, жорғалап бақ, ах-уәй!
Баяуламай, жорғалап бақ, ах-уәй!
Қайырмасы:
Игигай-гөк,
Көкем сені-ай, абайгөк, кигачок.
Ой, көкем-ай, япырмау-ай,
Жастық дәурен өтеді-ай.
Домбырам екі ішекті-ай қолға алайын-ай,
Қайырып он екі алуан ән салайын, кигачок.
Он екі алуан ән салайын, ах-уәй!
Қайырмасы:
Игигай-гөк,
Көкем сені-ай, абайгөк, кигачок.
Ой, көкем-ай, япырмау-ай,
Жастық дәурен өтеді-ай.
Жиылып өңшең құрбы отырғанда-ай,
Мен не ғып бұл қызықтан құр қалайын, кигачок.
Бұл қызықтан құр қалайын, ах-уәй!
Қайырмасы:
Игигай-гөк,
Көкем сені-ай, абайгөк, кигачок.
Ой, көкем-ай, япырмау-ай,
Жастық дәурен өтеді-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter