Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2021
152
Ақау, арман
Арман-ай, ақ сәулештің аулы шалғай,
Жан құрбым, жатыр нағып хабар салмай.
Тұр ма екен ол да өзімдей уағдасында,
Мен жүрмін өзге жанға назар салмай.
Қайырмасы:
Ақау, арман,
Дүние жалған.
Күн туар
Кездесетін есен-аман.
Ақ сәуле, шын сүйгенім, сен—арманым,
Жүректе, сені ойласам, жанар жалын.
Қалқам-ай, хабарыңды бір тигізші,
Жанымның ынтызары саған мәлім.
Қайырмасы:
Ақау, арман,
Дүние жалған.
Күн туар
Кездесетін есен-аман.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter