Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2021
173
Ахау, Айым
Ей, қалқа, жақындығың жандай еді,
Құрбының өзің теңді маңдайы едің-ай!
«Мырза шоқы жарлығы» тұрар тиіп,
Кетпейді тәтті лебің таңдайымнан,
Беу, шіркін, ләззаты бар балдай еді-ай!
Қайырмасы:
Ахау, Айым, қалқатайым,
Көзіңнен мөлдіреген, ей,
Айналайын-ай!
Мінгенім дәйім менің құла қасқа,
Қаздырдым қырдан құдық құламасқа-ай!
Қосылған қиуадан қимас қалқам,
Беріп кет орамал шыт жыламасқа-ай!
Қайырмасы:
Ахау, Айым, қалқатайым,
Көзіңнен мөлдіреген, ей,
Айналайын-ай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter