Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  232


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ахау, айдай

Біздің елдің дуаны Қарқаралы,
Бір ай бұрын жауады Арқа қары.

Қайырмасы:
Ахау, айдай,
Өтіп күнім барады,
Уа, Дариға-ай!

Осындайда, жігіттер, ойна да, күл,
Жастық шіркін барады тарқағалы.

Қайырмасы:
Ахау, айдай,
Өтіп күнім барады,
Уа, Дариға-ай!

Өзге таудан Қарқаралы басың биік,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қайырмасы:
Ахау, айдай,
Өтіп күнім барады,
Уа, Дариға-ай!

Сен есіме түскенде, беу қарағым,
Жата алмаймын төсекте ішім күйіп.

Қайырмасы:
Ахау, айдай,
Өтіп күнім барады,
Уа, Дариға-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу