Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.08.2021
167
Сәулем-ай /1-нұсқа/
Айдап салдым жылқымды ақ қауданға,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай.
Қуанғаннан жүрегім от боп жанар,
Ақ білегің сыбанып қой сауғанға, сәулем-ай.
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат кигені-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені-ай.
Сары белден сарғайып таң атқанда,
Аққұбаша, бидай өң түн қатқанда, сәулем-ай.
Ұзақ таңға ер жігіт қайтіп шыдар,
Сары майдай толықсып қыз жатқанда, сәулем-ай.
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат кигені-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter