Өлеңдер ✍️
Сағыныш сазы
Сағыныш сазы сен едің,
Ғашықтың бірі мен едім.
Армандай асыл ақ гүлім,
Өзіңді аңсап келемін.
Арманым неткен көп еді,
Асудай асу бел еді.
Жанымда ұйықтап жатсаң да,
Түсімде сені көремін.
Қысылып жаным, жүрегім күйіп,
Жүре алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып.
Қарашы маған, күлімдеп көзің,
Жасыңды тыйып, жасыңды тыйып.
Біреулер келер, біреулер кетер,
Сонда, жаным, сен болмасаң қасымда егер.
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер,
Бәрі де бекер.
Көзіңнен ыстық, жас тамар,
Көрмейді бірақ басқалар.
Таусылса жасың егер де,
Суалар мәңгі жас жанар.
Қыз көп болса да өмірде сұлу,
Бермейді бірақ жүрекке жылу.
Ал менің болса бар арманым,
Өзіңді, жаным, бақытты қылу.
Қысылып жаным, жүрегім күйіп,
Жүре алмаспын, жаным, сені өзгеге қиып.
Қарашы маған, күлімдеп көзің,
Жасыңды тыйып, жасыңды тыйып.
Біреулер келер, біреулер кетер,
Сонда, жаным, сен болмасаң қасымда егер.
Нұр шашқан күндер, жұлдызды түндер,
Бәрі де бекер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter