Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  174


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Еркем-ай /2-нұсқа/

Біздің ауыл Ақсайдың қақпасында, жан сәулем.
Күміс жеген жарқылдар ат басында, еркем-ай.

Шыныменен көңілің болса бізде,
Шапан-ішік жымылып жат қасымда, еркем-ай.

Ай қараңғы, кеш жарық,
Ебін тауып келсеңші-ай.

Іле деймін, ендеше, Іле деймін, жан сәулем,
Өте шықсам Іледен, міне деймін, еркем-ай.

Кісі жары кісіге жар болмайды,
Өз жарыңның тілеуін тіле деймін, еркем-ай.

Ай болмаса, жұлдыз бар,
Ебін тауып келсеңші-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу