Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  191


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақсаусақ

Толықсыған жарқын жүз толған айдай,
Сұлу қызды көргем жоқ, сірә, мұндай.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Қарақат көз, қыр мұрын, жазық маңдай,
Сүйген жарым болсайшы, Ақсаусақтай.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Қабылдашы құрбының жазған хатын,
Әдейі арнап жолдаған аманатын.

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!

Жалындаған жүректің жастық отын
Сөндірмеші, сүйінші махаббатын!

Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ-ай,
Арманым жоқ,
Бір болсақ-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу