Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  190


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аққу едім

Сен де сері, ей қалқа, мен де сері, ахау,
Шын сүймесем көңілімді бермес едім, дариға.
Құс аңдыған мергендей көл жағалап, ахау,
Сен болмасаң бұл жерге келмес едім, дариға.

Аққу едім көлдегі,
Сұңқар едім шөлдегі,
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалқар көлдегі.

Шықпай жатып бесіктен қайғы торып, ахау,
Сарғалдақтай жаңбырсыз қалған солып, дариға,
Қайда барсаң алдында Қорқыи көрі, ахау,
Неге тудық бақытсыз халық болып, дариға.

Аққу едім көлдегі,
Сұңқар едім шөлдегі,
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалқар көлдегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу