Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
16.08.2021
143
Комета
Әлдебір комета келе жатыр дегенге ауылда да, аулада да ешкім сенбеді. "Ол әншейін баяғы заманда бір болған нәрсе ғой" десті. Бір күні түн ішінде сарайдың артқы жағынан, батыс көкжиекте соңына шұбырған құйрығын тастап жарым аспанды жарық қылып әлдене заулап өтті. Мырзалар баспалдақ үстінде қарап тұрысты. Былайғы жұрт лашықтан шығып шоқынысып жатты. Ертеңінде староста қожайын үйінің шатырына шығып булықты тақтаймен шегелеп жатқан. Тарсылға үйден жүгіре шыққан иесі айқай салды:
— Әй, староста! Нағып жатырсың?
— Булықты бітеп жатырмын.
— Неге?
— Комета кіріп кетпесін деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter