Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  255


Автор: Сағи Әбілхасенұлы

Егіз қозы секілді едік (Әмірхан Нұржанұлы Абдуллинге)

Өмірмен қош айтысу қиын жағдай,
Бойынды ауырлатып батар жанғай.
Әмірхан бірге өскен досым едің,
Сабырлы, қарапайым тілің балдай.

Тағдырдың жазғаны да о басында,
Сексеннің тақағанда қарасына.
Артыңа мойын бұрып қайрылмастан,
Ажалдың жетесінде барасың ба?

Өмірден өкінішің жоқ тәрізді,
Өсірдің тәрбиелеп ұл-қызынды.
Естіген-білгеніңді кітап етіп,
Қалдырдың артыңа да мол ізінді.

Екеуміз егіз қозы секілді едік,
Жұп жазбай газетте де бірге істедік.
Торғайдың жаңалығын қалт жібермей,
Баспасөз беттерінен бір түспедік.

Кеудеңе таққансың сен сол үшін де,
«Құрметті журналистің» белгісін де.
Көп жылғы төккен терің зая кетпей,
Бөлендің еңбегіннің жемісіне.

Көрінді ауызға алар жақсы жағың,
Пендесің еш күмәнсіз таза арың.
Дұғасы көпшіліктің қабыл болсын,
Жанаттан орын алсын шыбын жаның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу