Туындылар ✍️
Мотивация, мақсат және жетістік
– Мотивация – жетістікке жетуді қамтамасыз ететін ынталандырушы күш.
– Бұл күшті іске қосу әркімнің өз қолында.
– Өз өнімділігіңізбен жарысыңыз, оны арттыруға, жетілдіруге тырысыңыз.
– Қазірге дейінгі (бар болса) сәтсіздіктеріңіздің артта қалғанын ойлаңыз.
– Әр жаңа күннің жаңа бастауыш болатынын ұмытпаңыз.
– Еңбегіңіздің зая кетпейтінін міндетті түрде жемісін көретініңізге сеніңіз.
– Өз-өзіне деген сенімділік өте маңызды. Қандай да бір істі орындай алатынына немесе алдына қойған мақсатына жете алатындығына, жетістікке жететініне сену осы жолдағы ең әсерлі күш-жігер беретін мотивация.
– «Бұл іс қиын», «бұл сабақ қиын» деген сияқты тежеуші ойлардың орнына «Қажетінше тырысатын болсам бұл менің қолымнан келеді» деп ойлау керек.
– Жетістікке жетудің ең маңызды негіздерінің бірі алға мақсат қою.
– Мақсатсыз адам, жүзетін бағытын білмейтін кемеге ұқсайды. Оған ешкім көмек бере алмайды.
– Қазіргі сәттен бастап алдыңызға мақсат қойыңыз.
– Қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды жоспарлаңыз. Осы жыл ішіндегі басты мақсаттарыңызды белгілеп ынта-жігерлеріңізді осы мақсатқа шоғырлаңыз.
– Іс-шараларыңызды маңыздылығына қарай реттеңіз. Күш-жігеріңізді маңыздыларына жұмсаңыз.
– Алға қойған мақсатыңызды үлкен әріптермен жазып, мәселен жұмыс столыңызға қарсы алдыңызда көрінетіндей етіп іліп қойыңыз.
– Адам бір нәрсені бүкіл ынта-жігерімен, шын жүрегімен қалап тырысып бақса, оның ала алмайтын қамалы болмайды. Еш нәрсе қол жеткізе алмайтындай биікте емес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter