05.08.2021
  180


Автор: Нұрбол Бимұрзаев

Жетістік

Жетістікке жететін адам кез келген кедергілерде мойымастан ілгерілеп, әрекетін, еңбегін жалғастыра алатын адам. Ілгерілеудің тоқырайтын жері, кедергінің сылтауға айналатын кезі. Адамның өзіне жасауы мүмкін болған ең үлкен жамандық, алдынан шыққан кедергіге тізе бүгуі. Жетістіктің қажет ететін ынта-жігерді жұмсауда қорыққан кездерімізде өте әдемі сылтаулар табамыз. «Мынадай себептерге байланысты орындай алмадым, әттең осы кедергі болмағанда тауды қопарар едім» деген сияқты. Сондай-ақ адамдар өзіне тосқауыл болумен қалмай, басқаларға да тосқауыл болуды жақсы атқарады. «Өй сенің қолыңнан келмейді», «Сен мұны істей алмайсың», «Өй сен адам болмайсың» деп айту кісіге жасалатын ең жаман опасыздық. Егер жетістікті, табысты болғыңыз келсе табысты адамдардың ортақ ерекшеліктерін бойға сіңіруіңіз қажет. Ал табысты адамдардың ең маңызды қасиеті: Кез келген уақытта, кез келген шартта, кез келген жағдайларда да әрекетін, еңбегін жалғасыруды атқара алу. Өмір жолы әлемді саяхаттауға ұқсайды. Ойы, қыры, тауы, жазығы, теңізі, ыстығымен суығы болмайтын сапар болмайды. Ұзақ жолға шыққанда күн үнемі төбеңде тұрмайды. Қаншама елсіз далаларда, қараңғы түндерде жүруге мәжбүр боласың. Қармен, боранмен, жаңбырмен, балшықпен арпалысуға тура келетін кездер болады. Жер бетінде қиындық тартпастан өмір сүрген адам болмайды. Тек жетістікті адам жолынан тайынбайды. Күлімдеген, жылы жүзді болу, жылы сөзді болу, мойымай еңбегін жақсы атқару, позитивті энергия жетістік әкеледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу