Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  247


Автор: Сайын Назарбекұлы

Сұраңдаршы сүйінші

“Сүйiншiлеп” атой салмас осы күн,
Ұмытқан-ау әдет-ғұрып жосығын.
Ұрандатып келе жатса бiр бала,
Шабар едiм қапталдаса қосып үн.
Тойшыл халық болатынбыз бiз деген,
Табылмай ма жоғы қазiр iздеген?
“Сүйiншi!”-деп шығар ақыр алдымнан –
Мен бiр жанмын күдерiмдi үзбеген.
Мiнгiзген бар сүйiншiге жорға сый,
Балаларға асық берсең – ол да сый.
Сұраңдаршы менен, достар, сүйiншi,
Қимасымды қияр едiм, оллаһи!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу