Өлеңдер ✍️
Қуанамын кездескенде қандасым
Шетте жүріп кездескенде қандасың
Көз қуанар, жаның сергір, аңда сен.
Жүзім жылып сәлемдесем мейірмен,
Қазір таныс, мүмкін кейін жан досым.
Араладым қалаларды, шөл кешкем,
Екі жерде қуанбаймын кездессем.
(Ештеңе емес, бетке шіркеу болмасын,
Іреніштер анда-санда "сен" дескен).
Мен тілеймін "жан саулығын" қандастың,
(Өкініш-ай, таза жүзді шаң бастың).
Жанман жолға ұмтылдырма біреуді,
Ол қарғайды, ел қарғайды оңбассың.
Біріншісі – бұзықтардың үйінде,
Тыр жалаңаш, лыпысы жоқ иінде.
О Құдайым!
Қарындасқа қашанда
Кездестірші мөлдіреген күйінде!
Екіншісі – аурухана, қандасым,
Сол пақырға сырқат басар таңбасын.
Құрығына мойынсұнсаң бас иіп,
Кім біледі жанар шамның, жанбасын.
Мен тілеймін ден саулығын қандастың,
Жаны таза, тәні таза азбас тым.
Содан болар қыпшақ болып, сақ болып,
Қазақ болып бұ заманға жалғастың.
Аға, іні, қарындас-ау кездескен
Бауыр қылым, тату болам, "сен дескен"!
Тек тағдырдан жалғыз сұрақ – сол жерде,
Сақтай көрші сырласқаннан "жан жескен".
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter