Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.07.2021
139
АСПАНДА ЖАЗЫЛҒАН ӨЛЕҢ
Ұшақта келем...
Айналам аппақ бұлт анау;
Шырқады бикеш Күн әнді.
Бұйра бұлт менің діңкемді солай құртадыау,
Жерге оралуым күмәнді...
Қалықтап келем;
Ойымда жоқ түк те менің;
Өртемей мүлде жыралау:
Біз жерде жүріп білмеппіз,
бұлт дегенің: Ақынның демі шығарау...
Бұлт асып кеттім.
Асқақтап арман құшып тым,
Аянышты екен Жер, кейпің.
Үні өшіп қалды көңілімдегі күшікмұң,
Қыңсылап маза бермейтін.
Ұшақта келем, Құшақтап өлең...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter