Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2021
161
Әй, әппақ қыз
Әй, әппақ қыз,
оппақ қыз,
әй, әппақ қыз,
аласұрған жаныма тоят тапқыз, —
аяғы жоқ, басы жоқ,
жалғасы бар
романның жартысын аяқтаппыз!..
Келіп еді қызығып, қыздай өпкім
көңілімді неліктен мұздай еггің?!
Салғың келсе — сал, құдай, жорта сынға,
ортасында қалмап ек біз қай оттың!
Қорғана алмай сұқ көзден сен де,
мен де, жем болдық-ау желауыз пенделерге.
...Аяғы жоқ, басы жоқ бұл роман
біраз жылға жазылар кем дегенде...
Шырылдамас жаны мен тәні үшін кім,
бал ұсындың...
біресе зәр ұсындың.
Оңашада өтірік өліп-өшіп,
шыға бере кекетіп...
кәрісіндің.
Әй, әппақ қыз, әппақ қыз,
әй, әппақ қыз,
сарсаңға сал, сандалтып,
саяттатқыз,
аяғы жоқ, басы жоқ романның
жалықтырмай... —
жалғасын аяқтатқыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter