Өлеңдер ✍️

  26.07.2021
  177


Автор: Сәкен Иманасов

Карта ойнау кезіндегі Тұманбай көкеме мінездеме

Столыңды саусақпен сырт еткізе қатты ұрып,
қиғаш тастап картасын, қырын қарай лақтырып,
қолы жүріп бергенде күлмең қағып Тұмекең,
әндетеді-ау дейсің бір арғымақ жал ат мініп.
Айналамда келесі сап тыйыльш жаңағы ән,
абыржып-ақ қалады әлгіндегі нән ағам.
Ойыны ғой картаның,
карта деген бүл итің
кімнің ғана, Құдай-ау, көңіліне қараған!
Қойнына кеп кіргендей сиықсыздау бір кемпір,
Қалмайды енді ағамда әлгіндегі түрден түр.
Әлденені күбірлеп, күрмеле ме, қайтеді,
Қара тастың өзін де қиып түсіп жүрген тіл.
Карта дейтін шіркінге қандай ғана дауаң бар,
Қарап тұрып көкемнің қабағынан жауар қар.
Мәткені де, валетті алып жатар қос-қостан,
Қалып жатыр жауапсыз қаншама бір сауалдар.
Карта дейтін пәлеңіз қарамайды беделге,
қарамайды, қайтесің Тұманбаймын дегенге. —
Шарықтатып біресе шың басына шығарып,
Домалата салады тағы бірде төменге.
Қарамайды бұл итін, талантыңа, дарынға,
Құлағына кірмейді күйінгенің, зарың да.
Алып та қал сондықтан, шалып та қал,
Тұмеке, қолың жүріп тұрғанда, көзіріңнің барында!
...Кезегімен картаңыз айналғанда тағы бір,
Тұмекеңнің қайтадан жанып беріп бағы-дүр,
Әндетсе де түнімен, әр кетсе де түрінен,
Ұтып шығар түбінде Сәкеніңді бәрі бір!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу