Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2021
138
Жастықтан да, мастықтан да айықпай
Жастықтан да, мастықтан да айықпай,
мен де бүгін кетті дейсің байып қай,
қалт-құлт етіп келе жатқан жайым бар
Мұзды мұхит үстіндегі қайықтай.
Айланы еміп,
майға бөгіп арсыздар,
(Іштерінде біразыңыз барсыздар!)
Кісіліктің қор болғанын көргенде
Жүрек тулап,
қаның қызып,
жан сыздар!...
Қыр көрсете кеме жасап қияқтан,
аш болмаған,
мас болған сияқтан, —
сайтанға еріп кете беріп,
тоқтайсың,
ардан аттап өте беріп,
ұяттан.
Сені қайтсін суайттар мен сылқымдар,
өзіңді де, сөзіңді де кім тыңдар, —
...Қайда бара қоям дейсің бірақ та,
дәл осындай,...
әлі осындай жұртың бар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter