Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.07.2021
2243
БАҚИЛЫҚ ДОСҚА ХАТ
Сен кеткелі:
Боп алды сенерім күз;
Жасырып ем
жасым мен жаңбырға өлең...
Бейітіңе тағы да келем үнсіз,
Нала айтып тағдырға мен...
Келіп тұрмын...
Мүлгиді молалар мың,
Көзіне ілмей пенденің мұң, наласын;
Мен де бір күн тірліктен жоғалармын,
Ажал кеп ажарымды ұрлағасын...
Ұқпайсың сен жайымды...
Ұқпа менің,
Қызықтырмай кетсе егер күпті әлемім.
... Өзің жайлы ойлардан құрастырып,
Өлең жаза алмадым түк те әдемі...
Биігінен қалжырап ар құлайды;
Жегідей жеп жатады жанды қайғы;
... Оны ұнатқан көңілім аласұрып,
Сені сүйген жүрегім қан жылайды....
Тірлік те сол баяғы....
Қараң қалған.
Қызықтырмай барады ол да-әй аса...
Құшақтап жатайыншы...
Адамдардан
Құлпытасың қорғасын!
Қорғай алса...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter